Жусандой ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өтті

Жусандой ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өтті
13 сәуір күні Жусандой ауылдық округінің орталығындағы мәдениет үйінде қоғамдық қабылдау өтті.
БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Абат Ашық, «АМАNAT» партиясы БҚО филиалының партиялық бақылау инспекторы Афиза Семғалиева, ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеп, облыс көлемінде білім саласында және аталмыш партияның бағдарламаларына сай атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып өтті.
Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Абат Сакенұлы, «АМАNAT» партиясы БҚО филиалының партиялық бақылау инспекторы Афиза Болатқызы және аудандағы бөлімдер басшылары, «АМАNAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Абат Зейнуллин ауыл тұрғындарын қабылдады.
Қоғамдық қабылдауда болған 15 ауыл тұрғыны өздерінің ойында жүрген елдік мәселелермен қатар жеке жұмыстары бойынша да өтініш-тілектерін жеткізді.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті