Алғыс хат табыс етті

Алғыс хат табыс етті
Аудандық маслихат залында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Шалғын елді мекені мен Қаратөбе ауылдық округінде орын алған төтенше жағдайға байланысты дер кезінде шұғыл көмекке келген, Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен келген жеке құрамға және Қаратөбе аудандық №18 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрам қызметкерлеріне аудан тұрғындары атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.
Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етіп, су тасқынының алдын алуда азаматтардың еңбегінің зор екендігіне тоқталып, алдағы абыроймен атқарар жұмыстарына табыс тіледі.