“Халық заңгері” акциясы өтті

“Халық заңгері” акциясы өтті

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандық мәдениет үйі ғимаратында азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін «Халық заңгері» акциясы өткізілді.

Аталған шарада Қаратөбе аудандық сотының судьясы Олжас Миралиева заматтарға азаматтық және әкімшілік құқықтық қатынастар жөнінде кеңес берсе, аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Айзат Серіков қоғамдық тәртіпті сақтау және әкімшілік айыппұл мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар, дара кәсіпкер болып тіркелу жөнінде және заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес кәсіпкерлер орнатуға тиіс онлайн кассалық аппарат туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абылай Тажкенов тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Кәсіпкерлік саласында жас кәсіпкерлерге «Атамекен» ҰКП БҚО Қаратөбе аудандық филиалы директоры Асхат Тойшыбаев кеңес берді.
Қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялылығын қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Өз кезегінде тұрғындарды толғандыратын тұрғын үй мәселесі мен әлеуметтік мәселелер де қозғалды. Бұл сұрақтарға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Нұрбек Ақсұлтанов және тиісті сала мамандары жауап берді.

Іс-шара аясында құқық қорғау органдары өкілдерімен қатар, аудандық әкімдік: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, білім беру бөлімі, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері қатысты.