Аудан тұрғындарын қабылдады

Аудан тұрғындарын қабылдады

    ​«Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» республикалық іс шарасы аясында Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев және бөлім басшылары мен аудан орталығындағы мекемелер басшылары жеке мәселелер бойынша аудан тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады.

​   Мемлекет басшысының «Халық үшін құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасындағы міндеттерді орындау мақсатында оздырылған қабылдауда аудан орталығының, Шөптікөл ауылының, Сулыкөл ауылдық округінің тұрғындары өтініштерін айтты.
    Қабылдауда болған аудан тұрғындарының дені тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу мәселесі төңірегінде өтініш жасады.
Аудан әкімі Жанат Асылханұлы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға тиісінше жауап беріп, мәселелердің заң шеңберінде жүзеге асырылатындығын түсіндірді. Сонымен қатар мәселелерді шешуде тиісті орындар басшыларына тапсырмалар берді.