
14 наурыз күні ауданымызда Көрісу күні мерекесі аталып өтілді. Көрісу күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара орталық алаңда "Бір жасыңмен" атты концерттік бағдарлама және театрландырылған көрініспен басталып, ұлттық спорт ойындармен жалғасын тапты. Аудан әкімі мереке барысында аудан тұрғындарын Көрісу күнімен құттықтады. Ауданымызда 14-22 наурыз аралығында жоспарға сай мерекелік іс-шаралар өткізілетін болады.