Әдеп жөніндегі уәкіл қатысуымен жиын өткізілді

Әдеп жөніндегі уәкіл қатысуымен жиын өткізілді

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні аудан әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменов аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары А.Бисембайдың, М.Кенжеғалиеваның, Д.Жәнібековтың және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен «ZOOM» қосымшасы арқылы кеңес өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жаңа редакцияда бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» туралы ақпараттар түсіндіріліп, аталған кодекстің мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне негізделіп, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға бағдарланғандығы жөнінде түсінік берілді.

Кездесуде аудан әкімі аппаратының бөлім басшы М.Кенжеғалиеваның «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің және басқада кадр мәселесінің жұмысына тоқталса, А.Бисембай жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарау барысында ҚР әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің талаптарын сақтау дәне ҚР «Ақпараттық қауіпсіздік» Заң талаптары туралы атап айтса,  Д.Жәнібеков округ әкімі аппараттарының жұмысын ұйымдастыру бағытындағы мәселелерге тоқталды.

Сонымен қатар, жиын барысында қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.