10 наурыз күні аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан жастарының қатысуымен облыс жастарына танымал «URALSKRUNNERS» клубының жетекшісі, «FIESTA» «BANANA» желілерінің негізін қалаушы Асхат Рамазановпен «Ашық алаң» жобасы шеңберінде кездесу ұйымдастырылды.
Жас кәсіпкер аудан жастарымен жүздесуде жаңадан кәсіп бастаудың қыр сырына тоқталып өтті. Сонымен қатар кәсіпкерлік саласына келудегі өз өмір жолын айшықтап түсіндірді. Қазіргі таңда «URALSKRUNNERS» волонтерлар клубының жетекшісі Асхат Маратұлы өзінің өмірлік миссиясы жастарға, қоғамға қолдау көрсету, экология мәселелеріне жіті назар аудару аса қажет екендігін, ең бірінші қандай да кәсіп бастаған кезде ақшаның маңызды емес, керсінше сол бизнесті алып кететін, дамытатын негізгі идеялардың болу керектігіне тоқталып өтті. Ол жетекшілік жасайтын «URALSKRUNNERS» волонтерлар клубы Орал қаласы бойынша таза экологиялық акцияларды өткізуге де өз септігін тигізіп келеді. Әсіресе, тұрмыстық қалдықтарды сату арқылы мектеп аулаларына, саябақтарға тұрмыстық қалдықтарды сатудан түскен қаражат арқасында тал отырғызу жобасы қолға алынғандығын атап өтті.
Жігерлі жаспен кездесуде аудан жастары өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, тиісінше жауап алды.
Шара сонында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан келген қонаққа алғыс білдіріп, аудан әкімдігі атынан арнайы алғыс хат пен қазақтың қамшысын сыйға тартты. Аудан прокуроры Алмас Таспихов арнайы шақыртуды қабыл алып, аудан жастарымен арнайы кездесуге келген Асхат Маратұлына шынайы ризашылығын білдіре отырып, болашақта аудан жастары үшін үлкен жобаларға қолғабыс етуге, спорттық-мәдени шараларды өткізуге мұрындық болуға шақырды.
"Қаратөбе өңірі" газеті