«Көктем - 2022» оқу-жаттығуы

«Көктем - 2022» оқу-жаттығуы
Қаратөбе ауданында 3-4 наурыз күндері «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шара «2022 жылы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-ның басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өтті.
Аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің қатысуымен аудандық мал дәрігерлік зертхана ғимаратының аумағында аудандық шұғыл әрекет ету жасағының саптық байқауы өтті. Саптық байқауға аудандық шұғыл әрекет жасағының жеке құрамы мен техникалары қатысты. Жасақтың дайындық жұмысын аудан басшысына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Искаков баяндап, таныстырып өтті.
Оқу-жаттығу жоспарына сай алдымен олардың дайындығы, төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттері толық тексерістен өткізілді. Техникалардың дайындығы, бұл саладағы мамандардың біліктіліктері, іс жүзіндегі жағдайға сәйкес әрекет етуі толық қадағаланды.
Саптық байқаудан соң ауданға берілген екі шарт-тапсырмалар бойынша аудандық шұғыл әрекет жасағының техникалары мен жеке құрамы жұмылдырылды.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті