
Ағымдағы жылдың 23-ші ақпан күні Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және №18-ӨСБ-нің қызметкерлері ЖАО-мен, еріктілермен, КазТрансГазАймақ өкілдерімен бірлесіп Қоскөл ауылдық округінде тұрғын үйдегі өрт және көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізіп, ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарына жиын өткізілді. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал тобы үйлерінде (көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, зейнеткерлер) 10 көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылды. Шара барысында тұрғындарға аталған датчиктің жұмыс жасау тәртібі мен дыбыстық дабыл кезіндегі әрекеттері түсіндірілді. Дабылмен қаралатын датчиктің жұмысының мәні көмірқышқыл газы анықталған кезде оның ауа массасындағы концентрациясы рұқсат етілген шектен асатындығын білдіретін жарық және дыбыстық сигналдың берілуінде. Аталған іс шаралар жергілікті жердің азаматы жеке кәсіпкер Жолымбетов Серiкқали Аққобанұлының қолдау көрсетуі арқылы жүзеге асырылды.