«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығымен бекітілген қағидасы аясында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бірі.
Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
«А», «В» және «Г» санатты куәлік алу үшін мынадай құжаттар талап етіледі:
Осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқығаны туралы куәліктің көшірмесі немесе «ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист» біліктілігін растайтын дипломның немесе түпнұсқасы және көшірмесі, көшірмелер салыстырылып тексергеннен кейін құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады;
Салық кодексі белгіленген куәлік бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;
Көлемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фотосурет;
Ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист мамандығы бойынша жоғары , техникалық және кәсіптік оқу орындарын (арнайы оқу орындары, орта кәсіптік оқу орындары) бітірген адамдарды қоспағанда, білім беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі;
Куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында машиналарды басқаруға құқық береді.
"А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарында рұқсат белгілері бар куәлікке ие адамдар мыналарды:
1) "А" – сыныбы 30 килоНьютонға (3,0 тартылыс күші) дейінгі (қоса алғанда) доңғалақты тракторларды;
2) "Б" – сыныбы 30 килоНьютоннан (3,0 тартылыс күші) жоғары доңғалақты тракторларды;
3) "В" – шынжыр табанды тракторларды;
4) "Г" – өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын;
5) "Д" – барлық өздігінен жүретін механикаландырылған мелиорациялық машиналарды және жол-құрылыс машиналарын, оның ішінде экскаваторларды, монтаждалған мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары бар тракторларды басқара алады.
Машиналарды басқару құқығы мыналарға беріледі:
1) он жеті жасқа толған адамдарға – "А", "В" және "Г" санаттарындағы машиналарды басқаруға;
2) он сегіз жасқа толған адамдарға – кемінде алты ай "А" және "В" немесе "Г" санаттарындағы машиналарды басқару өтілі болған жағдайда, "Б" және "Д" санаттарындағы машиналарды басқару құқығын қосымша алуға.
"Б" және (немесе) "Д" санаттары "А", "В" және "Г" бағандарында рұқсат белгілері бар куәлікке ие (көрсетілетін қызметті алушының тиісті машиналардағы жалпы жұмыс өтілі кемінде алты ай) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.
сот шешімінің негізінде куәліктерінен айырылғандардың арасында жоқ екендігі туралы ішкі істер органның анықтамасының электрондық көшірмесі.
Ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған жағдайда, телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.
Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі