Сессияның күн тәртібіне сай «Қаратөбе аудандық қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту», және Қаратөбе аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы. Ж.Жанғазиевтің, Қаратөбе аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 наурыздағы №20-1 «Қаратөбе ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi қағидасын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу турасында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор-заңгері Нәбира Марбанованың хабарламалары тыңдалды.
Күн тәртібіне сай қаралған мәселелер аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды.
Сессия жұмысын қорытындылаған аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев қоғамдық кеңестің қоғамдағы маңызына тоқталып, жаңа құрамның аудан экономикасы мен әлеуметтік жағдайының артуына ықпал етеді деп, сенім артатындығын айтты.
"Қаратөбе өңірі" газеті