Төтенше жағдайдың алдын алу-аса маңызды

Төтенше жағдайдың алдын алу-аса маңызды
Қыс мезгілінде қардың көп болуы, күннің күрт жылынып қардың еруі аудан тұрғындарын әбігерге салатыны жасырын емес. Төтенше жағдайлардың алдын алу, жолын болдырмау, табиғаттын тосын мінезіне дайын болу төтенше жағдайлар қызметінің жауапкершілігіндегі абыройлы іс.
2022 жылдың 21-ші ақпан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М.Искаков, аудан әкімі аппаратының аппарат басшысы А.Карменов аудан әкімі аппаратының теңгеріміндегі су тасқынына қарсы құрал-жабдықтарды тексерістен өткізді. Атап айтқанда: 2 дана су сорғыш мотопомпа, 1200 дана қапшық, 2 дана қайық, жанар-жағармай және инертті материалдардың қоры тексеріліп, қосымша 2 дана су сорғыш мотопомпаға тапсырыс берілді. Сондай-ақ, аудандық №18 өрт сөндіру бекетіндегі 1 дана жаңа су сорғыш мотопомпа тексерілді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М.Искаков су ағатын арықтарды да тазалау жұмыстары жолға қойылып отырғандығын, қадағалау жұмыстары жүргізілетіндігін мәлімдеді.