Ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері

Ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері

Үстіміздегі жылдың 11 ақпан күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қаракөл, Қаратөбе ауылдық округі әкімдерінің есеп беру кездесуіне қатысты. Есептік кездесуде ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалып, аудан әкімі өткен жылға атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен бірге 2022 жылға жоспарланған жобаларды таныстырып, ауыл тұрғындарын бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге жауап беріп, жеке қабылдау жүргізді.