Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Сулыкөл, Жусандой ауылдық округтерінде болып, әкімдердің есеп беру кездесуіне қатысты.
Алдымен ауылдық округ әкімдері 2021 жылы округ көлемінде жасалған жұмыстарға баяндама жасап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Кездесу барысында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудан бойынша өткен жылға атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл тұрғындарына жеке қабылдау жүргізді.