Қаратөбе ауданы бойынша ауылдық округ әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулері Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінен басталды.
Есеп беру кездесуіне аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Н.Меңдешов және бірқатар сала басшылары қатынасты. Алдымен ауылдық округтердегі әлеуметтік нысандардың жұмысымен және арнайы дайындалған көрмемен танысты.
Есептік кездесуде ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдап, аудан әкімі өткен жылға атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен бірге 2022 жылға жоспарланған жобаларды таныстырып, ауыл тұрғындарын бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жеке қабылдау жүргізді. Сонымен қатар, Қоскөл ауылдық округінде салынып жатырған жанар-жағар май құю бекеті жұмысымен танысты.