Күн тәртібіне сай аталмыш комиссияның отырысында «Төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықты құлақтандыру жүйесінің жағдайы туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мэльс Искаковтың, «Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы хаттаманың орындалуы туралы» аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және шаруашылық жұмыстары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Дәулет Оразақаевтың хабарламалары тыңдалды.
Халықты төтенше жағдайлардан қорғау бойынша басты іс-шаралардың бірі оны табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе туындау қатері туралы уақытылы хабардар ету екендігін алға тартқан бөлім басшысы Мэльс Тілектесұлы, төтенше жағдайлар туралы құлақтандыру тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы болып табылатындығына тоқталды.
Отырыс барысында М.Искаков аудандағы әлеуметтік нысандарда орнатылған құлақтандыру жүйлері тексеріліп оның жұмысқа жарамдылығының анықталғанын, аудандық полиция және өрт сөндіру бөлімдеріндегі арнайы аутокөліктерінің сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімге қосу арқылы тексерілгенін және тексеру кезінде кемшіліктердің болмағандығын айтты.
Комиссия хатшысы Дәулет Жұмабайұлы жылдың үшінші тоқсанындағы тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
Отырыста алдағы жылдың жұмыс жоспарындағы төтенше жағдайдың алды алу және жою мақсатына бағытталған біраз мәселелер талқыланды.
"Қаратөбе өңірі" газеті