Аудан әкімі балаларға сыйлықтар табыстады

Аудан әкімі балаларға сыйлықтар табыстады

Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасы Президентінің және аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтары табысталды. Әлеуметтік санаттағы отбасылардың оқуда, спортта, шығармашылықта жетістікке жеткен 28 баланың үйіне бір мезетте аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бастаған топ жаңа жылдық тосын сый апарып, балаларға қуаныш сыйлады.