Сессияда «Сулыкөл ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары» туралы Сулыкөл ауылдық округі әкімі Бағдат Зайнуллин, «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет» туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов, «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары мен мәслихат аппаратының шығыстарын бекіту» туралы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Жора Жанғазиев хабарлама жасап аудан депутаттары бір ауыздан бекітті.
Күн тәртібіндегі қаралған келесі мәселелер «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қоржын елді мекенінің бас жоспарын бекіту туралы», «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл елді мекенінің бас жоспарын бекіту туралы», «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай елді мекенінің бас жоспарын бекіту туралы», «Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қарақамыс елді мекенінің бас жоспарын бекіту туралы» аудандық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сәния Омарова баяндама жасады. Аудан депутаттары баяндамаларды талқылап бірауыздан бекітті.
Сессия соңында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан депутаттарына алғысын айтып, алдағы уақытта аудан болашағы үшін бірлесіп қажырлы еңбек жасауға шақырды.
"Қаратөбе өңірі" газеті