Аумақтық орган туралы ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі - Аумақтық департамент) электр энергетикасы саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын;
2) электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;
3) электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігі мен қауіпсіздігін;
4) электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларына жіберілмеуін немесе жұмыстан шеттетілуін бақылауды жүзеге асырады.
Ағымдағы кезеңде аумақтық басқармамен электр энергетикасы саласына бару арқылы 6 профилактикалық тексеру жүргізілді, нәтижесінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзудың 67 фактісі анықталды; лицензия алу үшін атом энергиясын пайдалану саласындағы 4 профилактикалық бақылау, Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша электр энергетикасы саласында 18 жоспардан тыс тексерулер, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша электр энергетикасы саласында 18 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде тексеру субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 13 ұйғарым шығарылды және атом энергиясын пайдалану саласында 6 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 82 өтініш қаралып, электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуіне біліктілік тестілеуден өтпеген облыстың энергетикалық кәсіпорындарының 400 қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 60 мақала жарияланды.
Электр жабдығының техникалық жай-күйі, электр желілеріне қосылуы, электр желілерінің қауіпсіздік аймағының сақталуы/бұзылуы, электр энергиясы үшін төлемақы төлеу туралы... сонымен қатар, басқа да мәселелер бойынша облыс тұрғындары мен қонақтары Аумақтық департаментке кеңес алу және заңгерлік көмек алу үшін хабарласа алады.
Аумақтық департмент, БҚО, Орал қаласы, Досмұхамедов көшесі, 45 үй, 102 бөлме («Банк» аялдамасы) мекенжайында орналасқан.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің бөлім басшысы Гусманова А.