Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!

 

Құрметті Қаратөбе ауданының тұрғындары мен қонақтары ауа райының нашарлауына, бұрқасын, тұман мен жаңбырға байланысты Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Сізден облыс аумағы бойынша алыс сапарлардан аулақ болуды, қозғалыс кезінде жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін барынша мұқият болуды сұрайды.

Сондай-ақ, жүргізушілерге аса қажет болмаса аудан сыртындағы трассаларға шықпауды айтқымыз келеді және өңір тұрғындарына ауа райы туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы трассалардың жай-күйі туралы хабарламаларды қадағалауды ұсынамыз. Қазақстан Республикасының жол жүру ережесін сақтаңыздар!

Сақтансаң сақтармын деген сөзді есімізден шығармайық...

Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі