Үздік жастарға марапат

Үздік жастарға марапат
15 желтоқсан күні жастар ресурсттық орталығы мен жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы өлкетану музейінде аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, қоғамның саяси өміріне белсене араласып, әр сала бойынша өз мамандығының үздік жас азамат пен азаматшаларына арналған «Жыл үздігі – 2021» аудандық жастар премиясы өтті.
Белсенді жастардың басын қосқан шарада аудан әкімі Қадыржан Сұйеуғалиев құттықтау сөз сөйлеп, үздіктерді марапаттады.
Үздіктер анықталған жиында «Үздік жас ұстаз» аталымы бойынша Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лунара Жоламанова, «Үздік жас спортшы» аталымы мен Айдарбек Амантаев, «Үздік жас тәрбиеші» аталымымен Жұмагүл Тұрсынғалиқызы, «Үздік жас мәдениет қызметкері» аталымымен Еркебұлан Бекболатұлы, «Үздік жас кәсіпкер» аталымы бойынша Амандық Елтайұлы, «Үздік жас полиция» аталымы бойынша Әсем Қайратқызы, «Үздік жас волонтер» аталымы бойынша Шахназ Жақсылыққызы марапатталды.
Сонымен қатар, ауданымыздың бетке ұстар азаматы, облыстық, республикалық «Жомарт жүрек» премиясының «Туған өлке» аталымының иегері Ержан Қайыржанұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті