Полиция бөлімі – жаңа ғимаратта

Полиция бөлімі – жаңа ғимаратта
10  желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қаратөбе ауданының полиция бөліміне берілген ғимараттың ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шарада БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылайхан Серіков, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Роман Дүйсеғалиев құттықтау сөз сөйлеп, полиция бөлімі қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесімен және ғимараттың ашылуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің ардагері Серік Ғалымұлы құттықтау сөз алып, аудандық ішкі істер ардагерлерінің атынан аудандық полиция бөліміне сыйлық табыстады. Шара сазды сәлем «Батырлар ұраны» атты әнімен жалғасын тапты.
Мерекелік шарада полиция бөлімінің ардагер-зейнеткерлері Қуаныш Мәжитұлы, Ерген Қазиұлы, Амандық Өтепқалиев, Амангелді Рашидұлы, Моряк Фазылғалиев БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Аблазимовтың алғыс хатымен марапатталды.
Мереке қарсаныңда ашылған нысанның лента қию рәсімін Абылайхан Серікұлы мен сала ардагері Амандық Өтепқалиев жүргізді, шараның қонақтары жаңа ғимараттың ішін аралап танысты.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті