Бүгін ауданымызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Шара аудан оқушыларының қолөнер туындылары мен Елбасы өмірінен сыр шертетін кітап көрмесімен бастау алды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, түрлі сала мамандарын мерекелік Алғыс хаттармен марапаттады. Аудан тұрғындары қатысқан салтанатты шара ауданымыздың көркемөнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасты.