Аудан әкімі бастаған жұмыс тобы Үшана, Сулыкөл, Ханкөл, Жусандой ауылдарында жұмыс сапарымен болды

Аудан әкімі бастаған жұмыс тобы Үшана, Сулыкөл, Ханкөл, Жусандой ауылдарында жұмыс сапарымен болды

Ағымдағы жылдың 18 қараша күні аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев бастаған топ Үшана, Сулыкөл, Ханкөл, Жусандой ауылдарында жұмыс сапарымен болып, халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында, ауылдық округ әкімдері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, құқық қорғау органдарының басшылары өз салалары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, кездесу барысында аудан басшысы жүзеге асырылып жатырған және атқарылатын жобалар туралы ақпарат беріп, ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады. Кездесу соңында жеке қабылдау өткізілді.