Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауданымыздағы шаруа қожалықтардың өкілдерімен кездесті.
Басқосу барысында шаруа иелерінің жай-күйі, қысқы мал азығын әзірлеу бағытындағы жұмыстарының барысы турасында сөз қозғаған аудан басшысы бұл кездесу арнайы осы бағытта туындап жатқан мәселелерді кеңінен талдап өтуге арналғанын жеткізді.
Шаруа қожалығы басшылары тарапынан жер мәселесі, қыс мезгіліне жем-шөппен қамтылу, механизатор, бақташы мамандардың жетіспеушілігі, жол жиегіне арнайы белгілер орнату, мал өнімін тапсыратын жерлерді ұйымдастыру сынды ұсыныстар айтылды.
Айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.