Ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу ауыл тұрғындарына нарық бағасынан арзан және сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.
Жұма күні орталық базарға асыққан аудан тұрғындары табиғи таза өнімдерді сатып алуға тырысты.
Нарықтағы бағаға қарағанда жәрмеңкедегі өнімдер қолжетімді бағамен халыққа ұсынылды.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жылқы, сиыр, қой, құс еттерін және тары, талқан, сүт өнімдерін саттыққа шығарды.
Аудан тұтынушыларына жәрмеңке де мал азығы қарабидай, ақбидай, ячмень, кебекті де сатуға әкелді.
Сондай-ақ, бұл жәрмеңкеде қыз жасаулары, қолөнер шеберлері жасаған ат әбзелдері де сөреге қойылды.
– Әр ауылдық округтен арнайы жәрмеңкеге келіп, қолдан өндірілген табиғи өнімдерін саттыққа әкеліп, тұтынушыларға ұсынуда. Ауылшаруашылық жәрмеңкесін алдағы уақытта да ұйымдастыру ойда бар. Ауыл еңбеккерлері өнімдерін өткізіп, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырса халыққа да тиімді болар еді, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мербол Есендосов.
"Қаратөбе өңірі" газеті