Әдеп жөніндегі уәкіл қатысуымен өткен кездесу

Әдеп жөніндегі уәкіл қатысуымен өткен кездесу
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Карменов аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің басшылары және қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Жиын барысында орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау бойынша мәселелер қозғалып, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және тұрғындармен қарым-қатынас кезінде әдеп нормаларын сақтай отырып қызмет көрсету керектігі ескертілді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақыттарында да қолданыстағы заңнамаларды, Ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі аталып өтілді.