
Бүгін аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев ауданымыздағы бірден-бір кәсіби сала мамандарын дайындайтын білім ордасы-Қаратөбе колледжі қызметкерлері және студенттерімен кездесіп, атқарылған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Кездесу барысында, колледж қызметкерлері тарапынан жаңа ғимарат салу сынды бірқатар мәселелер көтерілді. Өз кезегінде, аудан басшысы жаңа ғимарат салу жөнінде облыстық білім басқармасымен бірлесіп жұмыс атқаратындығын жеткізді. Сонымен қатар, Қадыржан Орынбасарұлы жиынға қатысушыларға ауданымыз бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттар берді. Жиын соңында Қаратөбе колледжі жанынан құрылған «Жігер» еріктілер клубының төрағасы Т.Эльмар аудан әкімін клуб мүшелігіне шақырып, естелік төс белгісін табыс етті.