Совещание по государственным услугам

Совещание по государственным услугам
Ағымдағы жылдың 22 қазан күні Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Ғ.Карменовтың төрағалығымен ауылдық округ әкімі аппараттарының жер қатынастары саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін түсіндіру және кемшіліктерді алдын алу бойынша кеңес өткізілді.
Жиын барысында, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге аудан бойынша жауапты бас маман Н.Әділханов ауданымыздағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тоқтала отырып, жер қатынастары саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін түсіндірді.
Сонымен қатар, кездесу барысында қазіргі таңда ауылдық округ әкімі аппараттары көрсететін мемлекеттік қызметтердің толық автоматтандырылғанын баяндай келе, ауылдық округ әкімдеріне көрсетіліп жатырған қызметтердің сапалы және заңнамада көрсетілген мерзімге сәйкес көрсетілуін қадағалау қажет екендігін атап өтті.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімдерінің көрсетіп жатырған қызметтері бойынша қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.