A meeting was held with the participation of the akim of the district

A meeting was held with the participation of the akim of the district
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,сондай-ақ, жастарды қолдау мақсатында Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және "Мұхит жастары" ЖҚБ-мен бірлесіп, қол күресінен Әлем чемпионы Ерболатұлы Ержанмен және Азия чемпионы Ниязов Жандарбекпен
"Мен жанбасам лапылдап.." жобасы аясында кездесу кеші өтті.
Шарада алғысөзді аудан әкімі Қ.Суйеуғалиев алып, жастарға мол сенім білдіріп, Қаратөбе ауданының атын әлемге танытып жүрген спортшыларымызға өзінің үлкен алғысын білдіріп, алдағы дүбірлі додаларда жоғары жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі. Кейіннен, чемпиондармен және спортшылардың жеке бапкері Нысанов Нұрқат Есенжанұлымен сұхбат жүргізіліп, жарыстарға арнайы дайындықтар, жеңіске жеткен кездегі сезімдер, спорттық ғұмыр барысындағы қиындықтарды және оларды жеңу үшін істеген әрекеттері жайлы ой қозғап, оқушылармен жайлы атмосферада әңгіме өрбіді.
Сонымен қатар, жастарымызға жүрекжарды тілегін поэзия арқылы жеткізген белгілі ақын, Қаратөбе ауданның төл перзенті Ертай Бимуханов және ауданымыздың белсенді жасы Акылбек Амантай арнаулары оқылды.
Шара соңында чемпиондар Алғыс хаттармен марапатталып, демеушілер атынан сертификаттар табысталды.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті