Ағымдағы жылдың 20 қазан күні аудан әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысына комиссия мүшелері, Қаратөбе ауданының прокуроры, ауылдық округ әкімдері және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 2021 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша қоғамдық орындарда және көшелерде орын алатын қылмыстардың жай-күйі, олардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар рөлін күшейту, кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытында шаралар қабылдау, аудан аумағында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу және ашу бойынша қабылданған іс-шаралар, оны іске асыру барысында кездесетін проблемалық мәселелер және алаяқтық қылмыстарының орын алу себептері және алдын алу шаралары жөнінде Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің бастығы Р.Дүйсеғалиевтың, аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Серіковтың және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиевтың атқарылып жатырған шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша аудан прокуроры А.Таспиховтың және комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін назарға ала отырып, аудан басшысы жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.