
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бастамасымен Қаратөбе ауданының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы аудан әкімдігінің facebook парақшасында онлайн түрде жәрмеңке өткізілді. Аталған жиында Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі А.Ғ.Карменов аудан бойынша көрсетіліп жатырған мемлекеттік қызметтерге тоқтала отырып, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын одан әрі арттыру керек екендігін жеткізді. Өз кезегінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы В.Губайдуллина, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Б.Жамбылова және аудандық білім беру бөлімінің бас маманы І.Есқазиева өз салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы баяндама жасады.