На повестке дня-воспитание будущего поколения

На повестке дня-воспитание будущего поколения
Бүгін Қаратөбе ауданында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәслихаттың мәжіліс залында ауыл ардагерлерінің қатысуымен алқалы жиын өтті.
Жиналысты аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин кіріспе сөзбен ашты.
– Бұл жиналыстың мақсаты көптен ойда жүрген келешек ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие аға-апаларымыз сіздердің жастар тәрбиесіне ықпалдарыңыз туралы ой-пікірлеріңізді тыңдау еді, - деді Нұртас Набиоллаұлы.
Қаратөбелік ардагерлердің қатысуымен өткен аталмыш жиынның күн тәртібіне сай жуырда елімізде өткен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің VІІІ сиезіне ауданнан онлай арқылы қатысқан аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мәулен Қожахметов онда айтылған маңызды мәселелерге тоқталып, аудан ардагерлерінің алға қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындау жолында қажырлы еңбек ететіндеріне сенім білдірді.
Екінші мәселе қазыналы қарияларымыз, ардагерлеріміздің болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі, жастар тәрбиесіне ықпалы туралы жиналысқа қатысушы аға-апаларымыздың ой-пікірлері тыңдалды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рамазан Қыдырашев ардагерлер ұйымының облыстық конференциясында айтылған ардагерлерге айырықша мән беру, оларға жағдай жасау турасында ұсыныстар тасталғанын алға тартып, аудан ардагерлерінің денсаулығын сақтау мақсатында аптаның әр төртінші күні сағат оннан бастап аудандық ауруханынаның №13 кабинетінде кезексіз қабылдау жүргізілетіндігін назарға салды. Сонымен қатар алдағы уақытта ардагерлердің спортпен шұғылдануына, өнермен айналысуына жағдай қарастырылатындғын айтты.
Жиынға қатысушы ауыл ардагерлері Мәулен Қожахметов, Асқар Биалиев, Сая Назашева, Болат Ақболатов, Айбар Әбденов, Жамбыл Тоқжанов аудан өміріндегі басты мәселелер ауыл тазалығын сақтау, бұралқы иттер мен мысықтардың қоршаған ортаға зианы, жергілікті жердегі 5 телеарна бойынша жүретін көгілдір экран жұмысының төмендігі, Шөптікөл ауылына дейінгі жолды асфальттау, көшелерді жарықтандыру, пошта жұмысының мардымсыздығы, мал бағымын ұйымдастыру тағы да басқа көптеген түйіткүл мәселелер төңірегіндегі ойларын айтты. Бұлардың біразы газетіміздің сандарында көптен көтеріліп келе жатырған мәселелер.
Өзекті мәселе індетпен күресу мақсатында вакцина алу туралы ой қозғаған аудандық ауруханының дәрігері Әсемгүл Жайықбайқызы аудан ардагерлерін вакцина алуға шақырды.
Ардагерлер тарапынан қойылған сауалдарға ауылдық округ әкімі Берікқали Муса түсінік беріп, қазан айының 15-і мен қараша айының 25 аралығында вакцина алушылар арасында жүлде ұйымдастырылатындығын хабар етті.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті