В Каратобе отметили праздник учителей

В Каратобе отметили праздник учителей
Қаратөбе ауданында «Жарық күні ғаламның...» тақырыбында ұстаздар мерекесі аталып өтті.
Мұғалімдер мерекесіне арналған салтанатты шара Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушыларының орындауындағы «Қазақ биімен» ашылды.
Алдымен ортаға талай шәкіттерді үлкен өмірге қанат қақтырған ардагер ұстаздар құрметпен шақырылып, оларға сыйлықтар ұсынылды.
Аудан ұстаздарын аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев құттықтап, өткен оқу жылдарында абыройлы қызмет атқарған бір топ аудан ұстаздарына облыстық білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармшылық ізденісі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Құрмет грамоталарын», ауданымызда білім беру жүйесін дамытудағы және жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға қосқан үлесі мен табыстары үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарын, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгілерін, Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасын», білім беру жүйесіндегі адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, сапалы білім берудег жетістіктері мен қоғмдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін кәсіподақ мүшелеріне «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облыстық ұйымының «Құрмет грамоталарын» табыстады.
Мерекелік шара барысында қаратөбелік ұстаздарды кезінде мектепте дәріс алған шәкірттері Орал қаласынан Абат Шыныбеков, Алматыдан Талант Арғынғали тағы да басқалар экран арқылы құттықтады.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті