Проанализирован трехлетний план развития

Проанализирован трехлетний план развития
Қыркүйек айының 30-ы күні аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев ауданның ауылдық округтері әкімдерінің алдағы 2022-2024 жылдарға арналған даму жоспарын тыңдады.
Ауылдық округ әкімдері округтегі шаруа қожалықтары жетекшілері, ауыл кәсіпкерлері және ауыл тұрғындарымен келісе отырып, алдағы үш жылға жасақтаған жоспарларын баяндады.
Ең алдымен Аққозы ауылдық округінің әкімі Қоныс Мұқанов округтің үш жылға жасақталған даму жоспарымен таныстырды.
Аққозы ауылдық округінің даму жоспарында екпе шөп жоңышқа егуді қолға алу, мал өнімдері қой жүні мен ірі қара малының терісін кәдеге жарату мақсатында орындар ашу, асыл тұқымды мал басын өсіру тағы да басқа көптеген мақсаттарға бағытталған жұмыстар енгізілген.
Ауданда көптен қолға алынбай келген егіс салу жұмыстарын қолға алған Егіндікөл, Қоскөл ауылдық округтерінің даму жоспарында егістік алқаптарының көлемін арттыру көзделген. Сонымен қатар аталмыш округтерде халық игілігі үшін қажетті азық-түлік дүкендері, монша, шаштараз ашу, кооперативтер құру жоспарланған.
Аудан орталығы Қаратөбе ауылдық округінің даму жоспарында да жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін біраз жұмыстар жоспарланған. Ауданның басқа да округтерінде даму жоспарына инвестиция тарту, ауыл тұрғындарын қызмет көрсететін жұмыс орындарын ашу, халықты жұмыспен қамту мәселесі енгізілген.
– Алдағы үш жылға арналған даму жоспарында ауданның барлық округтерінде де бірталай жұмыстар жоспарланған. Жасақталған жоспарларлардың нақты, жүзеге асатындай болуы шарт.
Жақында біраз округтерді аралап келдім, ауылдардағы тазалық мәселесі сын көтермейді. Осыған баса назар аударылу тиіс. Округтеріңіздің үш жылға арналған даму жоспары бойынша тағыда бас қосып, пысықтайтын боламыз. Ауданымыздың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын арттыру жолында үлкен жауапкершілікпен бірлесе жұмыс жүргізуіміз қажет, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті