Состоялось заседание Бюро Политсовета филиала партии

Состоялось заседание Бюро Политсовета филиала партии
Қыркүйектің 30-ы күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысы оздырылды.
Бюро отырысының күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және орындалмау қаупі бар көрсеткіштерді талқылау туралы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Меңдешовтың, Жол картасының жылдың соңына дейін орындалмауы қауіпі бар көрсеткіштер бойынша аудандық тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нұржан Сахиповтың, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сәния Омарованың, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мербол Есендосовтың, Сулыкөл ауылдық округінің әкімі Бағдат Зайнуллин мен Саралжын ауылдық округінің әкімі Самғат Зейнулиннің хабарламалары тыңдалды.
Хабарламашы Н.Меңдешов «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының бағдарламасының орындалу барысы мен орындалмау қауіпі бар жобаларға тоқталып, осы кезеңге дейін сайаулды бағдарлама бойынша жоспарланған 67 іс-шараның 21-і (31,3 пайызы) орындалып, орындалу үстінде 42-сі (62,6 пайызы) болса, орындалмау қаупі бар 4 (5,9 пайыз) көрсеткіштің бар екендігін алға тартты.
Партияның аудандық филилалының төрағасы Қадыржан Орынбасарұлы аталмыш бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне бағдарламадағы орындалмау қаупі бар көрсеткіштер бойынша сауалдар қойып, оларға Бюро отырысының күн тәртібіндегі мәселенің жүзеге асырылуы бойынша нақты тапсырмалар беріп, тәртіптік шара алды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Нұрлан Құмарұлына бір ай ішінде Жол картасы бойынша терең талдау жүргізіп, фракция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық экономика және қаржы бөлімімен бірлесе отырып, 2022-2025 жылдар арлығындағы көрсеткіштерге зерделеу жүргізіп, алдағы жылдағы көрсеткіштердің орындалу, орындалмау себептерін саралап, ұсыныстар дайындауды тапсырды. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті