Қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдау өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев аудандық филиалдың қабылдау бөлмесінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, тұрғындарға қабылдау жүргізді.
Қабылдау барысында, аудан тұрғындарының тарапынан жұмыспен қамту мәселесі бойынша сұрақтар қойылды.
Аудан әкімі қойылған сұрақтардың барлығына заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелерді орындау жөнінде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.