Акцияның мақсаты - көрнекі орындарды, табиғи аумақтарды әр түрлі қалдық заттар мен қоқыстан арылту. Еңкейген кәріден еңбектеген сәбиге дейін табиғатты сүйіп, аялайтын болса, экологиямыз жақсарып, жалпы қоғамда тазалық орнайтыны даусыз.
Аудан тұрғындары да бүкіләлемдік аталмыш экологиялық шараға белсене қатысты.
Аудан орталығындағы сенбілікте 56 мекеменің, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың қызметкерлері және аудан тұрғындары көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді.
Темір ауылындағы жаңадан салынған 67 тұрғын үй айналасы және жолдар жиегі тазартылып, 2 «КАМАЗ» автокөлігі, трактормен 4 тіркеме қоқыс тиісті орынға шығарылды. Сонымен қатар сол көшенің тұрғындары да шығып, үйлерінің маңын тазалап, сенбілікке өз үлестерін қосты.
Аталмыш сенбілікке Қаратөбе ауылдық округінің Шөптікөл, Үшағаш, Соналы ауылдарының тұрғындары да шықты.
"Қаратөбе өңірі" газеті