Проведено заседание штаба

Проведено заседание штаба
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиевтің төреғалығымен Қаратөбе ауданы аумағында ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге және басқа да зиянкестерге қарсы жүргізілген фитосанитариялық іс-шаралар және келер жылы жүргізілетін жұмыстардың жоспарын нақтылау туралы штаб отырысы өтті.
Биылғы жылы шегірткеге қарсы химиялық улау жұмыстарының қортындысы туралы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Рүстем Альжанов баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша ағымдағы жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қаратөбе аудандық филиалының зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша республикалық бюджет есебінен үйірлі шегірткелерге қарсы 8,5 мың гектар жерге химиялық өндеу жұмыстары жүргізілген.
Одан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша «РФД және БӘО» РММ-нің Қаратөбе аудандық филиалының энтомолог маманы Есболат Шыңғалиев сөз сөйледі.
Жиналыс барысында ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының басшысы, облыстық штаб төрағасының орынбасары Лавр Хайретдинов сөз сөйледі.
Мамандар, жергілікті атқарушы органдар жүйелі жұмыс жасағандығын, соның нәтижесінде сапалы жұмыс атқарылғандығын айтқан Лавр Рашидұлы сала мамандарының нәтижелі жұмыстарын атап өтті.
Отырыс соңында биылғы науқанның қортындысымен ауылшаруашылық саласындағы мамандарға облыс әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.
 
"Қаратөбе өңірі" газеті