Ауыл тазалығына атсалысты

Ауыл тазалығына атсалысты
Өткен апта басында «Бәрі ауылымыз үшін!» ұранымен «Қаратөбе еріктілері» тобы құрылған болатын. Туған жеріміздің тазалығына, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау мақсатында құрылған топ белсенділері фейсбук әлеуметтік желісінен парақша да ашты. Еріктілер тобы жұма күнгі жұмыстан соң жиналып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Қолдарына құрал-саймандарын ала шыққан ерікті тұрғындар аудан орталығындағы Қ.Жұмалиев және Мұхит көшесінің бойындағы жаяу жүргінші жолдарының жанындағы шөпті жұлып, қоқыстан тазартты.
Бастамаға қатысушы еріктілер әпсәтте екі көше бойын арамшөптерден тазартып, тазалық жұмысына арнайы шығарылған техникаларға тиеп жіберді.
Еріктілердің жұмысына риза болған көше тұрғындары қазақтың ұлттық тағамы көже мен тәттілерден дәм ұсынды.
"Қаратөбе өңірі" газеті