ҚР Сенатының депутаттары және БҚО мәслихат хатшысының ауданға іс-сапары

ҚР Сенатының депутаттары және БҚО мәслихат хатшысының ауданға іс-сапары

Ауданымызға іс-сапармен келген ҚР Сенатының депутаттары Н.Төреғалиев, Л.Рысбекова және БҚО мәслихат хатшысы Б.Қонысбаеваларға ауданымызда атқарылып жатырған бірқатар жұмыстармен танысты. Бірінші кезекте сенаторлар Қаратөбе мектеп-гимназиясына барып, жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында ауданымыздың білім деңгейі туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев толықтай баяндады. Өз кезегінде сенаторлар оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалу керектігін жеткізіп, білім беру саласына аса көп назар аудару керектігінде айтып өтті.

Келесі кезекте сенаторлар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан Қаратөбе спорт клубы ғимаратының жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар өткен жылы жеке инвестиция жоба арқылы заманауи технологиялармен жабдықталып салынған, Алаш-Орда және Қ.Хасанов атындағы мемориалдық музей жұмысына сенаторлар оң бағасын беріп, халық игілігіне қызмет ететін бірден бір мұражай болатынын тілге тиек етті.

Аудан халқы үшін жасалып жатырған жұмыстарға оң бағасын беріп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму жолына сәттілік тіледі.