Батыс Қазақстан облысының аумағында 200-ден астам саяжай қоғамы, қарапайым көгалдандыру бірлестіктері бар.
Жазғы тұрғындар Мүшелік және кіру жарналарынан тыс, электр қуатын да төлейді.
Қарапайым бау-бақша серіктестігінің мүшелері арасында төлемдерді уақытында төлемейтіндерде бар.
Қарыздарды өндіріп алу үшін, саяжай қоғамдарының төрағалары саяжай қоғамының мүшелеріне электр қуатын өшіруді белсенді түрде жүзеге асырады, өйткені, бұл әрекет жауапкершіліксіз төлем жасаушыларға әсер етудің ерекше шарасы болып табылады.
Алайда, бұл жағдайда төрағалардың электр қуатын өшіру әрекеттері заңсыз болып табылады, себебі:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, электр энергиясын тоқтату (шектеу) тұтынушымен жасалған электрмен жабдықтау туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Электрмен жабдықтаушы ұйымымен электрмен жабдықтау келісімшарты, саяжай қоғамы атынан қарапайым серіктестіктің (төраға) сенімді өкілі болады, ал төлем бас өлшеу құрылғысына (есептегішке) сәйкес жүзеге асырылады.
Тұтынушы (саяжай қоғамының төрағасы) мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы байланыс, электр энергиясын пайдалану ережелерімен реттеледі.
Бұл жағдайда электрмен жабдықтаушы ұйымның сұранысы бойынша, электр энергиясын беруді тек энергия беруші ұйым (энергия өндіруші ұйым) ғана тоқтатуға құқылы, және тек белгілі бір жағдайларда тұтынушыға алдағы өшіру туралы жазбаша ескерту бағыты ерекше рөл атқарады.
Электр энергиясын қабылдағыштарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдарының электр желісіне рұқсатсыз қосу жағдайларында; электр энергиясын коммерциялық есепке алу құрылғыларына қосымша электр энергиясының қабылдағыштарын қосу; тұтынушының кінәсінен электр энергиясының сапа көрсеткіштерінің электр беруші (энергия өндіруші) ұйымдарының және басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының жұмысын бұзатын мәндерге дейін төмендеуі; жұмыс уақытында (іссапарға бару ретінде) тұтынушының электр энергиясы мен электр қондырғыларын коммерциялық есепке алу құрылғыларына энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдарының және энергетикалық қадағалау мен бақылау органының өкілдерінің жіберілмеуі; төтенше жағдай сияқты, алдын ала ескертусіз электр қуатын толығымен тоқтатуға жол беріледі.
Саяжай қоғамының қалған мүшелері (қарапайым серіктестіктің мүшелері) энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау туралы келісімшартқа отырған жоқ. Олардың бір-бірімен (төрағамен) қатынасы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес, бірлескен қызмет туралы келісімде көрсетілген.
Бірлескен қызмет туралы Келісімшарт немесе ондағы саяжай аумағында электр энергиясын пайдалану тәртібін қозғайтын тармақтар болмаған жағдайда, төрағаның электр энергиясын өшіру жөніндегі әрекеттері заңсыз болады.
Сонымен, бұл жағдайда не істеу керек және төлемейтіндерге қатысты қандай шаралар қолдану керек? Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне жүгіну қажет.
Қарапайым серіктестік Кодекске сәйкес, бірлескен қызмет туралы Келісімшарт негізінде құрылады. Келісімшартқа сәйкес, барлық қатысушылар жалпы істі жүргізу үшін, бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді.
Жалпы істерді жүргізу, қарапайым серіктестіктің сенімгеріне (төрағасына) Келісімшарттың барлық тараптары оған сенімхат беру арқылы жүктелуі мүмкін.
Сондықтан, бау-бақша қауымдастықтарының мүшелеріне, осы Келісімшартта электр энергиясын пайдалануға қатысты қатынастарды тағайындауды (заңдастыруды) ұсынамыз.
Аумақтық департаментке жазғы мезгілде келіп түскен тұтынушылардың негізгі шағымдары, электр энергиясының заңсыз ажыратылуына байланысты.
Адамгершілік тұрғысынан тұтынушы пайдаланылған электр энергиясы үшін ақы төлеуге міндетті, дегенмен, бірлескен қызмет туралы келісімшартта саяжай қоғамы аумағында электр энергиясын пайдалану тәртібіне әсер ететін нормалардың болмауына байланысты, төрағаның жауапкершіліксіз төлеушіні ажырату әрекеттері заңсыз болады.
Сонымен қатар, электр энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату, Аумақтық департаменттің әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауына және айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің бас маманы – Гусманова Асель Беркғалиқызы