Тұңғыш Президентіміз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Қаракөл ауылдық округінде бірқатар іргелі істер атқарылып келеді.
Әр жылдары мектеп бітірген түлектер туған жерлерінің көркеюіне үлес қосуда. Биылғы жылы жақсы дәстүр жалғасын тауып, Қаракөл орта мектебін 2001 жылы бітірген 1984 жылғылар -300 000 теңге қаражатқа ауыл тұрғындарына көше шамдарын орнатып берді.