23 маусым күні Қаратөбе ауданында өткен «Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған мерекелік салтанатты шарада аудан әкімі Жанат Асантаев ауданның мемлекеттік қызметшілерін маңызды мемлекеттік мерекемен құттықтап, бір топ мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табыстады.
Аудан басшысы Жанат Асылханұлы елімізді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрбек Ақсұлтанов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Еділбек Исқалиға Батыс Қазақстан облысы әкімінің, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және мемлекеттік қызмет сапасын дамытуға сүбелі үлес қосқан Жусандыой ауылдық округінің әкімі Талап Қазиевке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының алғыс хаттарын, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасын» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің баса маманы Айгүл Ақкерееваға табыстады.
Маңызды мемлекеттік мерекелік шарада аудан әкімі Ж.Асантаев айтулы мерекеге арналған «Толағай» отбасылық сайысында жүлделі І орын алған Оразақаевтар отбасын, сайыста ІІ орынды иеленген Өтегеновтер отбасын, ІІІ орынға табан тіреген Зинуллиндер отбасын марапаттады.
Мерекеге орай аудан әкімінің алғыс хатымен Егіндікөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қадырбек Баубеков, Жусандыой ауылдық әкімі аппаратының бас маманы Нұрғазы Қасымов, Қоскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Зухра Тілеулиева, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әлібек Қанафин, Аққозы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрберген Меңдешов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау бөлімінің бас маманы Нұрбол Әділханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Еркін Тойшыбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ержан Бақтығалиевтер марапатталды.
Айтулы мерекелік шара аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.
Концертте «Керім-ай» халықтық би ансамблінің орындауындағы «Қазақ биі», қаратөбелік әншілер Рысгүл Жұмағалиеваның, Сәнжан Байтеміровтың орындауларындағы «Тәуелсіздік тұмарым», Ескендір Хасанғалиевтың «Айналдым елім» әндері тамашаланды.