2021 жылдың 12 мамыр күні Қаратөбе ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р.Н.Иманғалиев Қаратөбе аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне жаңа басшысын таныстырды.
Қаратөбе ауданы әкімі аппараты жанындағы аудандық біріңғай конкурстық комиссияның 2021 жылғы 22 сәуірдегі №11-3 қорытынды хаттамасы негізінде және өз өтінішіне сай, Қаратөбе ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысының 2021 жылғы 11 мамырдағы №73 өкіміне сәйкес арнайы тексерудің оң нәтижесін алған күнге дейін Қаратөбе аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндеттерін уақытша атқару үшін Омарова Сания Шайжанқызы қабылданды.
Омарова Сания Шайжанқызы - 1966 жылдың 16 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1993 жылы – Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматық құрылыс» мамандығы және 2011 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1983 жылдан бері еңбекке араласып, осы уақытқа дейін құрылыс инженері, кітапхана әдіскері, ұзақ жылдар аудандық әділет басқармасында қызмет атқарған.
Жанұялы 3 қызы бар.
Жаңадан тағайындалған бөлім басшысына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ауданымыздың дамуына бар күш-жігерін салуына тілек білдірді.