2021 жылдың 11 мамыр күні Қаратөбе ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р.Н.Иманғалиев Саралжын ауылдық округінің қызметкерлеріне жаңа әкімді таныстырды.
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 5 мамырдағы №6 санды қаулысына және Қаратөбе ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысының 2021 жылғы 11 мамырдағы №70 өкіміне сәйкес арнайы тексерудің оң нәтижесін алған күнге дейін Саралжын ауылдық округінің әкімі міндеттерін уақытша атқару үшін Зеинуллин Самғат Серікұлы қабылданды.
Зеинуллин Самғат Серікұлы - 1984 жылдың 9 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Үшағаш ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2007 жыл - Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Аграном» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ-де фитопотолог лауазымынан бастаған, 15.05. - 06.2009 ж.ж. «Қаратөбе селолық округі әкімі аппараты» ММ-нің іс-қағаз жүргізуші, 05.2014-10.2015 ж.ж. ҚР АШМ АӨК МИК «РФД және БӘО» ММ карантиндік нысандарды анықтаушы, 02.2017 - 11.2017 ж.ж. «Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің іс-қағаз жүргізуші, 2017 жылдан осы уақытқа дейiн «Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы қызметін атқарған.
Жанұялы 1 ұл, 2 қызы бар.
Жаңадан тағайындалған әкімге аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Нәсіпқалиұлы алдағы жұмысына сәттілік тілеп, өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн бар күш-жігерін салуына тілек білдірді.