«НАУРЫЗ ҚОРЖЫН» ТАРАТТЫ

«НАУРЫЗ ҚОРЖЫН» ТАРАТТЫ
Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырған Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін ерекше. Наурыз - жыл басы ғана емес, береке-бірліктің, ізгілік пен татулықтың, қайырымдылық пен кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі.
Ұлыстың ұлы күнінде ауданымызда игілікті шаралар ұйымдастырылуымен қатар, әр жыл сайын «Наурыз қоржын» таратылады.
Осы үрдіс бойынша аудан әкімінің атынан округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Самғат Зейнуллин ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, «Наурыз қоржын» таратты.
Шара барысында дәстүрлі әнші Нұршат Исламғалиев әннен шашу шашты.
-Наурыз – жаңару мен түлеудің, достық пен ынтымақ мерекесі. Мереке аясында баршаңызға амандық-саулық, береке-бірлік тілеймін.
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Мереке құтты болсын! - деді округ әкімінің м.у.а Самғат Серікұлы
Үміт ШУРИНА