
Ауданға 09.03.2021 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоймасынан короновирус инфекциясына қарсы 15 доза Гам-КОВИД-Ваг (Спутник-V) вакцинасы әкелінді.
Вакцинация 2 этапта жүргізіледі: 1-екпе алғаннан кейін, 2- екпе 21 күннен кейін жасалады.
Екпе егу жұмыстары бірінші кезекте, короновирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына, яғни медициналық қызметкерлер мен санитарлық-эпидимиологиялық қызметкерлеріне бастап жүргізілуде.
10 наурызда аудандық аурухананың арнайы жабдықталған егу кабинетінде короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациясы басталып, Басқарманың басшысы мен мамандары және аурухананың медициналық қызметкерлері вакцинацияланды.