Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтуде

Қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтуде
Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығында ауданымыздағы қолөнер шеберлерінің «Алтын қолды асылдар» жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкенің басты мақсаты ата-бабадан қалған мұраларымыздың құндылықтарын сақтай отырып, халыққа кеңінен насихаттау.
Айта кету керек «Алтын қолды асылдар» қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесінен түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалатын болады.
Барлық аудан тұрғындарын аудандық мәдениет үйінің фойесінде өтіп жатқан жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!