Қоғамдық кеңес отырысы

Қоғамдық кеңес отырысы
 
 
Аудандық мәслихат залында аудан әкімі Ж.Асантаевтың қатысуымен аудандық қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Жиналысқа қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қатысты. Жиналыс барысында аудан әкімі Ж.Асантаев 2020 жылы атқарылған ауданның әлеуметтік экономикалық жұмыстар туралы баяндаса, аудандық қоғамдық кеңес төрағасының міндетін уақытша атқарушы Н.Соқатова қоғамдық кеңестің 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы хабарлама оқыды. Сонымен бірге, аудандық мәслихат хатшысының 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы аудандық мәслихат хатшысы Қ.Сүйеуғалиев баяндады. Күн тәртібіндегі хабарламалар толықтай тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.